ҚазҰУ тазалық жұмыстарына 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

1231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/e96a8d74-b726-4c69-a417-8caa31a8222b-960x500.jpeg?token=9921ca657147d9acef671680ea2eb656
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) ғимараттары мен аумағын тазалау жұмыстарына шамамен 2 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған лот сипаттамасына сәйкес, қызмет түрі – ғимараттар, үй-жайлар, аумақты және ұқсас нысандарды тазалау жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар, ғимараттарға техникалық қызмет көрсету де қарастырылған.

Жоспарланған сома – 1,99 млрд теңге

Аталған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 8 сәуірге дейін жалғасады.

Комментарии