АҚШ президенті Дональд Трамп үшінші мерзімге президенттік сайлауға түсуі мүмкін. Бұл туралы ол NBC News-ке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, көптеген адам Трамптың президент болып қалуын қалайды.
«Бізге әлі ұзақ жолдан өту керек. Мен қазіргі сәтке баса назар аударып жатырмын»,–деді президент.
Трамп билікте қалу үшін нақты қандай әдістерді қолданатынын айтпады, алайда оған мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Ескк салайық, бұған дейін
Новости по теме
АҚШ конституциясына сәйкес, ешбір адам президент лауазымына екі реттен артық сайлана алмайды. Бұл шартты елдің бірінші президенті Джордж Вашингтон белгілеген болатын. Алайда АҚШ президенттері арасында заңды Франклин Рузвельт бұзып, төрт мәрте президент болып сайланған.