Тынық мұхитының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді

1005
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Тонга корольдігі жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жерасты дүмпулері Тонгадан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 100 шақырым қашықтықта болған. Тынық мұхитының цунамиден ескерту орталығы эпицентрден 300 шақырым радиуста орналасқан жағалауларда қауіпті толқындардың пайда болу мүмкін екенін хабарлады. Қазіргі уақытта қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі жарияланбады.
Комментарии