Қазақстан мен Грузия спортшылары алаңда төбелесті (видео)

3645
Adyrna.kz Telegram

Грузия мен Қазақстанның америка футболының құрамалары Тбилисиде өткен жолдастық кездесу кезінде жаппай төбелесті деп хабарлайды Firstandgoal.

Қазақстандық ойыншылардың бірі Рустам Амангелдиновтың айтуынша, грузиндер матч бойы өрескел ойнады, нәтижесінде соңы жаппай төбелеске ұласыпты. Нәтижесінде бірнеше спортшы өмір бойына спорттан қуылды, ал қазақстандық ойыншы аурухана төсегінде жатыр.

Матч 22:21 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Төбелес ойыннан кейін ұмытылды. Грузиндер қазақтарды мейрамханаға апарып, қонақ қылыпты.

«Ойыннан кейін біз бірлескен іс-шара өткіздік, біз бүкіл ұлттық құрамамен бірге мейрамханада отырдық, бұл өте қызықты болды, барлығы бұл оқиғаны ұмытып кетті», - деді Грузия  американдық футбол федерациясының вице-президенті Давид Палавандишвили.

Пікірлер