Жаңа Уренгой әуежайында жүк ұшағы апаттық жағдайда қонды

524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/image-5.jpg
26 наурызда Жаңа Уренгой әуежайында Сабеттадан ұшып келген Ан-12 жүк ұшағы қону кезінде техникалық ақауға тап болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ura.news-ке сілтеме жасап. Ұшақтың сол жақ қону тірегі орнына толық бекітілмей, салдарынан әуе кемесі сол жағына қарай аударылған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қар үйіндісіне соғылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға Мәскеу уақытымен 11:07-де тіркелген. Борттағы сегіз экипаж мүшесінің барлығы аман, ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ жанармайдың төгілуі тіркелмеген. Бұл ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік берді.
Комментарии