26 наурызда Армения Ұлттық ассамблеясы «Армения Республикасының Еуропа Одағына мүшелік процесінің басталуы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы armenpress- ке сілтеме жасап.
Заң жобасына 64 депутат қолдап, 7 депутат қарсы дауыс берді.
Құжатта Арменияның демократиялық институттарды дамытуға, қоғам әл-ауқатын жақсартуға, елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және заң үстемдігін нығайтуға ұмтылатыны және ЕО-ға қосылу процесін ресми түрде бастағаны жарияланған.
Заң жобасын ұлттық жиналысқа «Еуродауыс» азаматтық бастамасы ұсынды. Бастама 50 000 қолдың орнына 60 000 қол жинаған.
2025 жылдың 9 қаңтарында құжат Армения үкіметінде мақұлданып, кейін ұлттық жиналысқа жіберілді.
12 ақпанда ол бірінші оқылымда, 26 наурызда екінші оқылымда қабылданды. Оппозициялық «Айастан» фракциясы дауыс беруге қатыспаса, «Ар-намысым бар» фракциясы заң жобасына қарсы дауыс берді.
Осылайша, Арменияның Еуропа Одағына мүшелікке өту процесі ресми түрде басталды.