Көп балаларды керек қылмаған билік, Ауған соғысы ардагерлерін қайтсін?!

562

Публицист Марат Тоқашбаев!

Мен Айгүл Орынбек Ауған ардагерінің қызымын! Әкемнің ешқашан көкірек қағып жүргенін көрмеппін. Екі аяғына оқ тиіп, әлі уақытқа денсаулығы сыр беріп, жүйкесі бұзылып, осы уақытқа дейін, жау қай жақтан келіп қалар деген ұйқысыз түндерді өткізіп жүргенін білесіз бе?
Ауған ардагерлері он жеті-он сегіз жасында өз еркілерімен барған жоқ! Мемлекет бұйрығымен жіберілді! Енді келіп, төстерін қақпасын дейсіз?!
Бірінші үкімет жағдайын жасап жатыр ма? -де сұрап алмайсыз ба?
Қаншама ана баласыз қалды! Баласының сүйегін жете алмай қол жайып қалған аналар бар . Мемлекеттің қателігі үшін, неге аман келген азаматтар жауап беру керек?!
Мықты болсаңыз бұл әңгімеңізді Путинге барып айтыңыз! Сіз айта алмасаңыз мен айтайын Путинге! Бүкіл Ауған соғыс ардагерлеріне жағдай жасап жатқан сияқты сөйлемеңіз! Мемлекет қәзіргі таңда Ауған соғыс ардагерлері үшін не істеп жатыр айта аласыз ба?
Ал мен айта аламын "ЕШТЕҢЕ"!
Көп балаларға жағдай жасай алмай отырған билік, Ауған соғыс ардагерлерін қайтсін?!
Ұлттық арна басшысы Ләззат Танысбай ханым!
Мынандай эфирді қалайша қалың елге жіберіп қойғансыздар?!
Бастарыңа түспей, қан көріп келмей, ауыздарыңа келгенді айтып батыр бола бермеңдер! Ауған соғыс ардагерлерінің көз жасын, жан күйзелістерін көріп өскен қыздардың бірі менмін. Отырып алып ақыл айту оңай! Ал оны бастан өткізіп сол жүйкеде қалған стереспен өмір сүру бір басқа!
Ел алдына шықсын менімен дебатқа мына публицист!

 

Айгүл ОРЫНБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер