Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты

528
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, өңір әкімінің орынбасары Мұрат Балпанмен бірге су тасқыны жағдайымен танысты. Сапар барысында ол гидротехникалық құрылыстарды қарап шығып, Целиноград, Аршалы, Астрахан және Атбасар аудандарында жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды бағалады.

Астана су қоймасының жағдайына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта қоймадан су ағу көлемі аз және елді мекендерге қауіп төндірмейді. Қосымша қорғаныс шарасы ретінде Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында «Демеу Қазақстан қоры» қорының қаражаты есебінен ұзындығы 6,3 км қорғаныс бөгеті салынды, бұл елді мекеннің су басу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Целиноград ауданында Талапкер және Қоянды ауылдарында жүргізілген су тасқынына қарсы шаралар тексерілді. Бұл елді мекендерде еріген қар суын бұру үшін арнайы айналып өтетін каналдар салынған.

Старый Колутон ауылында Ералы Тоғжанов ұзындығы 3,6 км Колутон өзенінің арнасын тазалау және тереңдету жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жұмыстар «Демеу Қазақстан қоры»  демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілуде.

Атбасар ауданында, жыл сайынғы су басу қаупін ескере отырып, Жабай өзенінің арнасын тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар үш су өткізгіш шлюз салынып, жаңа құрылыстарды еріген қар суынан қорғау үшін айналма канал жасалды.

Сапар қорытындысы бойынша жедел су тасқынына қарсы штабтың отырысы өтті. Оған ТЖД, «Қазгидромет» АҚ филиалы және басқа да тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан су тасқыны кезеңі өңірде тұрақты режимде өтіп жатқанын атап өтті.

«Есіл, Жабай және Нұра өзендерінің негізгі бассейндерінде мұздың еруі байқалады. Су тасқыны қаупін азайту үшін су айдындарынан суды сору және бұру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар мұз кептелістерін жою үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 25 мың шаршы метрден астам мұз жойылды», — деді ол.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарынан ТЖМ күштері, сондай-ақ Ақмола өңірінің аумақтық қорғаныс бөлімшелері жұмылдырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы шараларға оң баға беріп, алдын алу іс-шараларын жалғастыруды тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер