Ежелгі дәстүр. Ішкі Моңғолияда жылқы таңбалау рәсімі өтті

787
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Жақында Солтүстік Қытайдағы Ішкі Моңғолия автономиясына қарасты Тунляо қаласының Жаруд-Ци ауданында жылқыларды таңбалау рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жэньминь жибао сайтына сілтеме жасап.

Бұл – ежелгі моңғол дәстүрі, оған бақташылар мен шабандоздар қатысады.

Жыл сайын көктемде екі жасар жылқылар үшін арнайы рәсім өткізіледі.

Оларға таңба басылып, жалдары қысқартылады. Бұл олардың есеюін білдіреді.

Таңба жылқының сан немесе жауырын тұсына басылады және ол тек жануардың мәртебесін ғана растап қоймай, оның сапасының да белгісі болып саналады.

Пікірлер