Abdi, қазақ тіліндегі дәптерлер қайда?

232

Қазақстандағы ресми дерекке сәйкес 3 миллионға жуық оқушының 2 миллионнан астамы қазақ тілінде білім алады. Келтірілген деректерді алға тартқан Гүлбану Абенова өзінің фейсбуктегі парақшасында елдегі кеңсе тауарларын сататын дүкеннен қазақ тілінде тысталған дәптер таба алмағанын ашына жазды. Сұрағын Abdi кеңсе тауарлары дүкен желісіне бағыттады.

«Қазақ тілінде жазылған дәптер табу үшін жарты қаланы аралап шығуға тиіспін? Неге елдегі танымал кеңсе тауарларын сататын дүкендер желісінде бұл дәптерлер жоқ», - деп базынасын айтқан ол дәптерлердің тысы көбіне ағылшын және орыс тілде жазылғанын алға тартады. «Неге қазақша қаріп емес, біздің алфавит латын тілінде жазылған? Мен заңға қарсы дүние талап етіп отырмын ба?», - дейді Гүлбану Абенова.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер