Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

773
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/33e149ab-ea57-417d-808a-fddeb54860c5.jpeg

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды “Адырна”.

130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сыздықов жартылай финалда өзбекстандық Темурбек Насимовты 4:1 есебімен жеңді.

Ал 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы 1/2 финалда Айтжан Халмахановқа (Өзбекстан) есе жіберді. Сондай-ақ, 87 келіде белдескен Шамиль Ожаев та финалға өте алмады. Ол өзбекстандық Жалғасбай Бердимуратовқа жол берді.

Комментарии