Тарихтан тағылым жобасы аясында

54

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Тарихтан тағылым" жобасы аясында, жастардың ұлттық танымына нәр беріп, рухани байыту мақсатында, Алматы қаласының сән және дизайн колледжінде Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Тарих, археология және этнология факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұловамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Светлана апайымыз, қирағанды қайта тұрғызу мен қайта салуға қарағанда, жоғалтқанды іздеп-тауып, бастапқы орнына келтіру әлдеқайда қиын екендігін айта отырып, қазақ ұлтына жасалған зұлматтың 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты бар ынтасымен айтып, әр стунденттің жүрегіне жеткізді. Қазақ даласына төнген жүз қасіреттің тоқсан тоғызы кеңестік жүйенің кесірінен орын алғандығын түсіндіре білді.

Сонымен қатар өзінің жұт пен ашаршылық нәубетін зерттеп жазған "Ашаршылық қасіреті" атты кітабын колледжге табыстай отырып, кездесу соңын тарих бетінен өшпес орын алған, өзекті өртер өкінішке толы сәттер болмаса екен деген тілегімен аяқтады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер