Әуезов туралы үзік сыр

990

Бүгін, 28 қыркүйекте Мұхтар Əуезовке 122 жыл толып отыр. Омарханұлын білмейтін жан жоқ шығар. Əйткенмен қазақтың қазақ тілін шығармалары арқылы өлтірмей, бізге аман-есен жеткізген жазушы туралы тағы да түйсіну, санада əлдебір түсінік қалыптастыру артық бола қоймас.
Сонымен, оқыңыздар.

1. Мұхтар Əуезов 20 жасында-ақ қазаққа театр өнері деген дүниенің барын көрсетіп, көзін ашып кетті. Оған дəлел: 1917 жылы Ойқұдықта қойған "Еңлік-Кебек" пьессасы. Ал біздің жастар 20 жасында не бітіріп жүр?!

2. Əуезовтың əлем мойындатқан Абай жолына бара алуының бір себебі, кішкене кезінде Абайдың "балам.." деп басынан сипауы екен. Сондағы бір жылылық əсер еткен болу керек.

3. Екінші себебі, Абайдың немере қызы Кəмилаға ес-түссіз ғашық болуы.

4. Махаббат қашанда ұлы туындыларды дүниеге əкелген емес пе?! "Абай жолы да" осылай дүниеге келген.

5. 63 жыл ғұмырында проза да, драма да, саяси-əлеуметтік тақырыптағы мақала да, зерттеу еңбектерін де жазған, ұйымдастырушы, түрлі оқу орнында оқытушы да болған. Жалғыз жазбағаны өлең ғана.

7. Кезінде Қырғыздардың "Манасын" қара тізімге енгелі тұрған жерінен аман алып қалған тағы да Əуезов. Осы тұста бүкіл бір ұлттың тілін сақтап қалған қазаққа қырғыздар қарыз-ақ!

6. Журналист пен жазушының ұстағандары бір қалам болғанымен, екеуі екі бөлек əлем. Біреуі ағыңды ақ, қараңды қара десе, екіншісі қиял қанатында қалыптап күн кешетін жан. Əуезов екеуін тең дəрежеде алып жүрген. Түсінгенге бұл ең ауыр дүние.

7. Бірнеше рет саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 3 жыл түрмеде отырған.

8. Омарханұлы шет елде білім алып, ел көріп, жер көріп, түрлі тілді меңгерген азамат. Алайда қазіргі жастар секілді алған білімі мен тəжірибесін өзге елге емес, өз елінің əдебиетіне құйған. Яғни шет елдің мықты туындыларын қазақ тіліне сауатты аударып, қара халыққа оқытқан.

9. Мұхтар Əуезовтың балаларының ішінен қазір Мұрат Əуезовтың ғана көзі тірі.

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА, adyrna.kz

Пікірлер