Алматы тұрғыны сотта ChatGPT-дің көмегімен жеңіп шықты

1041
Adyrna.kz Telegram

Алматылық Кенжебек Исмаилов есімді тұрғын ChatGPT-дің көмегімен сотта жеңіп шыққан. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Алматылық жігітке жолдағы тұтас сызықты кесіп өткені үшін айыппұл салынған. Алайда ол жолды әдейі кесіп өтпеген. Кенжебек Исмаилов алдындағы көлік қозғалмай тұрғандықтан тұтас жолды кесіп өтуге мәжбүр болған. 

Осылайша былтыр желтоқсанда Исмаиловқа жол ережесін бұзғаны үшін 5 800 теңге айыппұл салынған. Бұл - 50 пайыз жеңілдікпен есептегендегі айыппұл. 

Кейіннен Кенжебек qamqorgov сайтынан оқиғаға қатысты видеоны қолына алғаннан кейін Алматының полиция департаментіне арыз жазған. Бірақ полиция жүргізушінің мәжбүрлі түрде жолды кесіп өткенін есептемей қойған.  

Осылайша Кенжебек СhatGPT-ден сотқа шағым дайындап беруін сұраған. Жасанды интеллект заңгер секілді толыққанды жауап дайындап берген. Ақыры алматылық жігіт сотта жеңіп, айыппұл төлемейтін болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер