Елорда автобустарында көшелерге есімі берілген тұлғалар жайлы мәлімет беріледі

1053
Adyrna.kz Telegram

Елорданың қоғамдық көліктерінде қала көшелеріне есімі берілген тарихи тұлғалар жайлы қысқаша мәліметтер аудиоформатта жариялана бастады. Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда жолаушылар Астанадағы 84 бағыт бойынша, дәлірек айтсақ 502 автобуста осындай аудиохабарламаны тыңдай алады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының тарихи тұлғаларымыз туралы ақпарат алуына мүмкіндік беруде»,—деді ол.

Пікірлер