Терезе жуып жатқан. 10-қабаттан құлаған әйел қаза тапты

1050
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Алматы облысында терезе жуып жатқан әйел 10-қабаттан құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Оқиға 15 наурыз күні Бесағаш ауылында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, 41 жастағы әйел терезе жуып жатқан кезде абайсызда 10-қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Комментарии