Тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ашық НҚА"порталына сілтеме жасап.
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.
Қамқоршылық кеңестен бірқатар тұлғаны шығару ұсынылған.
"Олардың ішінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ, ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар", - деп жазылған мәліметте.
Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.