Бүгін, 10 наурызда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазселденқорғау» мекемесінің ақпаратынша, № 26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні жүрген.
«Бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының сырғанау жолынан тыс жерде 3 турист шаңғы тепкені анықталды. Салдарынан қар көшкіні жүрді. Оның массасы шамамен 3500 текше метр қар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,— деп түсіндірді Алматы қалалық Төтенше жағдайдар департаменті.