Туыстарымен ұрысқан. Көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

837
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Астанада өз-өзіне қол жұмсамақ болған 16 жастағы бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полицияға "Архар" көпірінде қыздың тұрғаны туралы хабар түскен. Оның ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген қауіп болғандықтан, оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілген.

Полиция қызметкерлері бойжеткенмен тілдесіп, оны сабырға шақырған.

Кейіннен 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болғаны анықталған.

Қыз ата-анасына тапсырылып, оған қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

Пікірлер