XPeng Motors компаниясының басқарма төрағасы және бүкілқытай халық өкілдері жиналысының депутаты Хэ Сяопэннің мәлімдеуінше, Қытайда 2026 жылдан бастап ұшатын көліктердің жаппай өндірісі қолға алынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Электромобильдер өндірісімен танымал XPeng Motors алдымен Land Aircraft Carrier (LAC) көлігіне арналған ұшатын модуль жасаудан бастамақ.
Жоспарға сәйкес, жыл сайын осындай 10 мыңға жуық құрылғы өндіріледі.
LAC көлігінің премьерасы Чжухай қаласындағы Airshow China авиасалонында болады.
Егер бұл жоспарлар жүзеге асса, XPeng әлемдегі алғашқы осындай компанияға айналады. Биыл Қытай билігі төмен биіктікте ұшатын аппараттарды қолдану аясын кеңейтуді және ұшатын көліктер өндіретін зауыттың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Алдын ала бағалау бойынша, модульдік ұшатын көліктің құны 1-2 миллион юань (шамамен 138-276 мың доллар) аралығында болады.
Көлік 12 және 17 қараша күндері алғашқы сынақ ұшуын орындайды.