Аңызға айналған ән жаңа лепте орындалды

3071
Adyrna.kz Telegram

Artjaq және Yeski Taspa ұжымы Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше музыкалық шығарылымды ұсынды. Бұл жобада танымал әншілер Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» бірігіп, М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтің "Анашым" әнін жаңаша орындады.

Ән нәзіктік пен мейірімге толы болып, әйелдер қауымына деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті жеткізді.

Yeski Taspa командасы барша әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бақыт, махаббат пен жарқын эмоцияларға толы өмір тілейді!

Пікірлер