Абай облысына қарасты елді мекендердің бірінде кеңес дәуірінен қалған көше атаулары қазақшаға ауысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бесқарағай ауданы, Қарабас ауылдық округіне қарасты Қарабас ауылында:
«Титов» көшесі – «Ақбидай» көшесі, «Больничная» көшесі – «Жібек Жолы» көшесі, «Ворошилов» көшесі – «Береке» көшесі, «Киров» көшесі – «Байтақ» көшесі, «Степная» көшесі – «Ақдала» көшесі болып өзгертілді.Аудан әкімдігінің қаулысы 3 наурызда қабылданып, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.