Салық органынан хабарлама алған қазақстандық блогерлер 1,5 млрд теңге көлемінде салық төледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттыө порталы.
Бұл туралы Мәжілісте ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, 15 блогерге қосымша 1,5 млрд теңге салық есептеліп, олар бюджетке 75 млн теңге төлеген.
"Қазір ірі салық төлеушілер мен құрылыс компанияларына қатысты да осындай шаралар қабылдануда. Бұл – салық комитетінің қалай жұмыс істейтінінің бір ғана мысалы", – деді Жұманғарин.
Сондай-ақ, министр блогерлердің мемлекет алдындағы қарызы көрсетілген тізімнің таралуын "салық комитетінің жұмысының кейбір қырларын ашып берді" деп бағалады.
Жұманғариннің мәлімдеуінше, осындай хабарламалар ірі бизнес өкілдеріне де жіберілген.