"Қазтелерадио" АҚ 5 наурыз күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осы жұмыстар барысында спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдары уақытша өшіріледі. Нәтижесінде, Қазақстан аумағында телерадиоарналарды қайта тарату біраз уақытқа тоқтатылады.
Аталған шара телерадио хабарларын сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жүзеге асырылады.