Иран әзербайжандары президенттен ана тілінде білім алуға жағдай жасауын сұрады

983
Adyrna.kz Telegram

Ирандағы Табриз университетінің оқытушылары ел президенті Масуд Пезешкианнан әзербайжан тілінде білім беру жүйесін іске қосуды сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Report мәліметінше, өтінішке ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан 142 ғылым докторы мен инженері қол қойған.

Үндеуде 27 ақпан күні Иран парламентінің парсытілді халыққа жатпайтын топтарға өз ана тілдеріндегі әдебиеттерді оқыту туралы заң жобасын қолдағаны атап өтілген.

«Құжатта Иран Конституциясының 15 және 19-баптарын орындау қажеттілігі көрсетілген. Президент Пезешкианды осы конституциялық ережелерді орындауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Пікірлер