Тоқаев Болгария президентін құттықтады

899
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады. Бұл туралы бүгін, 3 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген»,–делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Пікірлер