Зеленский Ұлыбритания королімен кездесті

993
Adyrna.kz Telegram

2 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзбен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Зеленский Лондонда Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі саммитке қатысқан болатын.

ІІІ Чарльз Украина басшысын Норфолктағы Сандрингем үйінде қабылдады. Әзірге олардың не туралы сөйлескені белгісіз.

Шетелдік БАҚ жергілікті тұрғындардың Зеленскийдің келгенін көру үшін Сандрингем сарайының маңына жиналғанын жазды. Кейбірі Украина туын ұстап тұрған.

Пікірлер