Көлік өртеніп кеткен. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

1492
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-27-at-10.39.21.jpeg
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиға кеше, 26 ақпанда Алматы-Астана тасжолының 56-шақырымында болған. Бұл туралы өңірлік ПД хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.
"Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ, BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Комментарии