Германия канцлері сайлауда жеңілгенін мойындады

1154
Adyrna.kz Telegram

Германияның канцлері Олаф Шольц сайлауда жеңілгенін мойындады. Бұл туралы 23 ақпанда Euronews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Экзитпол нәтижесі бойынша Германияның Христиандық-демократиялық одағы/Баварияның Христиандық-әлеуметтік одағы блогы жеңіске жетті. Ультраоңшыл «Германия альтернативасы» екінші орында, олар өз тарихында ең жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр.

Олаф Шольц жетекшілік ететін Германияның социал-демократиялық партиясы үшінші орында, алайда олар өте төмен нәтижеге қол жеткізді.

«Бұл – Социал-демократиялық партия үшін сайлаудағы ащы жеңіліс. Бұл жолы сайлау нәтижесі нашар болды, сондықтан мен ол үшін жауапкершілік арқалаймын. Христиан-демократиялық одағын құттықтаймын»,—деді Олаф Шольц.

Енді ХДО/ХСО коалицию жасақтауы тиіс, елдің канцлері Фридрих Мерц болуы ықтимал.

Еске салайық, жексенбі күні Германияда кезектен тыс парламенттік сайлау өткен болатын. Оған барлығы 29 саяси партия қатысты.

Пікірлер