Украина президенті Владимир Зеленский елдегі президент сайлауы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Зеленский сайлау тек әскери жағдай тоқтағаннан кейін өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Киевте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Зеленскийдің сөзінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп соғыстың белсенді фазасын 2025 жылы аяқтауды көздеп отыр.
Сондай-ақ, ол Трамптың өзін «диктатор» деп атағанына ренжімейтінін жеткізді.
"Диктатор дегенге шын мәнінде диктаторлар ғана ренжиді", – деді Украина басшысы.
Зеленский бейбіт келіссөздерге қатысушылар тізіміне міндетті түрде Украина, Еуропа, АҚШ және Ресей кіруі керек екенін де атап өтті.