Белдесу күресінен халықаралық турнир өтті

92

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Жақсылық» спорт клубы, «Алматы Алатау қазақ күресі» федерациясы, «Алматы Qazaq kuresi» спорт клубымен бірлесе, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ елінің мақтанышы, Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және Әлем чемпионы, Кеңес Одағының үш дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы «Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған белдесу күресінен бірінші халықаралық турнирі өтті.

Іс-шара ҚР мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Құттықтау сөзбен Алматы қаласының әкімінің орынбасары Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы шараны ашып, шараның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Содан кейін, олимпиада ойындарының чемпионы Ж.Үшкемпіровке, «Қазақ күресі» федерациясының бірінші Президенті Е.Мухидиновқа, «Қазақ күресі» федерациясының Президенті А.Шораевқа берілді.

 


Келген қатысушылар, жанкүйерлер мен қонақтарға акробаттар мен палуандардың үздік қойылымдары көрсетілді.
Спорттық іс-шараның мақсаты белдесуді кеңінен тарату, өскелең ұрпақты дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту, халықаралық спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Жарыс Құлагер ш/а, ФШМ футбол алаңында ұйымдастырылды.
Турнирге Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінің және қазақстанның әртүрлі облыстарынан 54 палуан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Сәлімгерейов Нұрым Қызылорда облысының палуаны ие болып, 500 МЫҢ ТЕҢГЕ алды, 2-орынға Мұзапаров Ерсұлтан Түркістан облысының палуаны ақша қоры 300 МЫҢ ТЕҢГЕ ұтып алды. Үздіктердің үштігін Алматы қаласының палуаны Қабай Бауыржан ақшалай қоры 200 МЫҢ ТЕҢГЕ ұтып алды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер