ҚР азаматтығын кім көрінген алып жатыр ма?

5049
Adyrna.kz Telegram

Таксимен қаланың орталығындағы бір кафеге кездесуге асығып бара жатқанмын. Түрі тәжікке ұқсайтын екі кісі отырған артымда. Бір кезде біреуінің телефоны шыр ете қалды да, әлгі адам әлденеге қатты қуанып кетті. Сөйтсем, Қазақстанға кеше ғана келген бір туысы Қазақстанның азаматтығын алыпты. Ішім қылп ете қалды. Қалай алғанын біліп отырмын. Ақшаның күшімен алған ғой. Қалай алғанын ары қарай қазбалап сұрап көргім келіп еді, түсетін уақыт болып, таксиспен есептесіп кеттім.

Бізде қазір сатылмайтын нәрсе қалмады ғой. Ең жаманы – солар біздің кейбір шенділер секілді Қазақстанды ақша табатын жер деп қана қабылдайды. Үйі де басқа жерде, тапқан ақшасын да сонда тасиды. Қазақстанның азаматы деген аты ғана. Осының алдында ғана патриоттық туралы бір пост жаздым. Пайда үшін ғана жүрген, қазақша қақпайтын, Қазақстанды отаным деп есептемейтін мұндай адамдар өлсе де Қазақстанның патриоты болмайды. Сосын қазір кім-көрінген кеп азаматтық алып жатыр. Осы азаматтық алатындардан ең құрығанда мемлекеттік тілді білуді талап ету керек. Басқа елдің бәрі сөйтеді,  кері кетіп жүрген біз ғанамыз!

Жолымбет Мәкіштің Фейсбук парақшасынан

Пікірлер