Хан ескерткіші қайтып келеді

1188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/6e958388-3673-4c8e-a837-9b7135e020fa-960x500.jpeg?token=97b0f25ada65287ee2a77aa6308aa7a4
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде Кенесары ханның ескерткішін мамыр айының соңына дейін өз орнына қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  2024 жылдың қараша айында ескерткіштің іргетасы қисайып, құлағалы туындағандықтан, оны апатты деп танып, бұзу жұмыстары жүргізілді. "Биыл баскетбол алаңдары орналасқан көпірден бастап, триатлон орталығы арқылы Ақбұлаққа дейінгі  жағалаудың жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Келесі жылы жөндеу жұмыстары Кенесары хан ескерткіші орналасқан жағалау бөлігіне жасалады. Ал ескерткішті қала күніне дейін, мамыр айының соңына дейін орнына қайтаруды жоспарлап отырмыз", – деді әкім.
Комментарии