Иранда екі бірдей жер сілкінісі тіркелді

1039
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

16 ақпан күні Иранның Хузестан провинциясының батысында 4,7 және 5,3 баллдық екі жер сілкінісі болды. Бұл туралы 16 ақпанда Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алғашқы 4,7 баллдық жер сілкінісі 18:48-де (Астана уақыты бойынша 23:48-де — ред.) тіркелгені анықталды. Ол халқы 329 мың адамды құрайтын Хорремабад қаласынан 73 км қашықтықта болған.

Бірнеше минуттан кейін магнитудасы 5,3 болған екінші жер сілкінісі туралы хабарланды. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді.

Комментарии