Жерорта теңізінде АҚШ-тың авиатасымалдаушысы сауда кемемен соқтығысты

1243
Adyrna.kz Telegram
Фото: Gerard Bottino/SOPA Images/LightRocket via Getty Images
Фото: Gerard Bottino/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Американың USS Harry S. Truman авиатасымалдаушысы Жерорта теңізінде Besiktas-M сауда кемесімен соқтығысты. Бұл туралы АҚШ Алтыншы флотының ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Мысырдың солтүстік-шығысындағы Порт-Саид қаласының маңында Жерорта теңізіндегі операциялар кезінде орын алды.

"Соқтығыс Harry S. Truman (CVN 75) кемесіне қауіп төндірмеді. Өйткені кеменің суға батуы немесе жарақат алу туралы хабарламалар келмеді. Қозғалтқыш жүйелері зақымданбаған және олар қауіпсіз әрі тұрақты күйде. Оқиға тергелуде", – делінген хабарламада.

USS Harry S. Truman авиатасымалдаушы 1998 жылы іске қосылған және АҚШ Әскери-теңіз күштерінің соққы беру тобына кіреді. "Нимиц" типті авиатасымалдаушылар – максималды ығыстыруы 106 мың тоннаға дейін жететін америкалық атомдық ұшақ тасығыштарының бір түрі.  Олар әлемдегі ең үлкен әскери кемелер.

VesselFinder кемені қадағалау қолданбасының мәліметінше, әуе кемесі соқтығысқан Besiktas-M 2003 жылы жасалған және қазір Панама туының астында жүзіп жүрген сусымалы жүк тасымалдайтын кеме.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер