Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орын алды. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда ҰОК баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.
Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.