Тарихи жеңіс. Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынын еншіледі

1252
Adyrna.kz Telegram
Фото:Туризм және спорт министрлігі
Фото:Туризм және спорт министрлігі

Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы алтын жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Команда құрамында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко бар.

Бұл Қазақстан шорт-трегі тарихында Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек  күміс, қола жеңген еді.

Еске сала кетейік, Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында қысқы Азия ойындары өтеді. Бәсекеде 34 елдің спортшылары бақ сынайды. Сондай-ақ, Азия ойындарында атлеттер спорттың 6 түрі, 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Харбинде Қазақстан құрамасы атынан 137 спортшы спорттың 11 түрі бойынша жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды.

 

 

 

Пікірлер