Атырауда бір мектепті полиция қоршап алды

1574
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Атыраудағы Авангард шағынауданындағы №3 мектеп-гимназияны полиция қоршап алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 6 ақпан күні орын алған. Атырауда №3 мектептің оқушыларын мектеп әкімшілігі сабақтан шұғыл ертерек босатқан. БАҚ-та мектепте "жарылғыш зат бар" деген ақпарат тараған.
"Қазіргі кезде мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршаулы тұр. Оқушылар сағат 12:25-те үйлеріне тарады. Полиция департаменті тексеріліп жатқанын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.
Комментарии