Қостанай облысында санитарлық авиация ұшағы шұғыл конуға мәжбүр болды

2106
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында санитарлық авиация ұшағы қиын жағдайда шұғыл қону жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде, әуежай маңында Костанай – Арқалық бағыты бойынша ұшқан АН-2 санитарлық авиация ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында екі ұшқыш және екі дәрігер болған

Оқиға орнына өрт сөндіру есептері мен облыстық ТЖД құтқару тобы жіберілді.

«Ұшақтағы барлық адам жедел табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген ресми ақпаратта.

Пікірлер