"Қазақмыс" Назарбаев үшін ұшақ сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды

844
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/kazakhmys_official
Фото: instagram.com/kazakhmys_official

"Қазақмыс" корпорациясы ұшақ сатып алғанын растады. Бірақ оның Қазақстанның тұңғыш президентіне арналмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл әуе кемесі тек өндірістік қажеттіліктерге алынғаны айтылды.

Корпорацияның баспасөз қызметі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға және мәліметтердің дұрыстығын тексеруге шақырды.

"Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Біздің компания жеке тұлғалар үшін ұшақ сатып алмайды. Бұл борт корпорацияның өндірістік жұмыстары үшін алынған," – делінген ресми хабарламада.

Пікірлер