Ат жалындағы мәдениет

4997
Adyrna.kz Telegram

Жылқы — адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі деуге болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын зерттеу нәтижелері дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуіріне (б. з. б. 4 — 3-мыңжылдық), б.з.б. 2-мыңжылдығына, яғни орта қола дәуірінің Арқайым ескерткіштері және Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін б. з. б. 1- мыңжылдық – б. з. 2 ғ. ескерткіштері ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, сол кездегі адамдардың әдет-ғұрыптық рәсімдердерінде ерекше роль атқарғандығы белгілі болып отыр.

Адамзат  тарихында, әсіресе Орта Азияның  “салт атты көшпендiлерi” үшін жылқы ерекше прогресс элементі ретінде жүрді: жылқыны әуелі көлiкке, кейiн жегуге пайдалануы, әсіресе,    салт мінуді меңгеруі  олардың жағрафиялық танымын, әскери-саяси  және мәдени байланысын арттырды,  шаруашылық қарым-қатынастардың дамуына тың серпін  берді. Адамзаттың тарихына көз жіберсек, әр түрлі тарихи кезеңдерде жылқы үйір-үйiрiмен өсiрiлiп қан қоймай, халықтың материалдық игілігіне қызмет етті, қоғамның  дамуын алға сүйреді, адамдардың дүниетанымы мен  мәдени деңгейiн көтердi, сол арқылы өркениетті біртіңдеп жаңа деңгейге көтерді. Жылқы, сонымен бiрге әскери-қорғаныс, ойын-сауық саласында жетекші маңызға ие  болды.

Ғалымдар Орта Азияда  ежелден бері  жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы Тапал жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды Қазанат және қазіргі ахалтеке жылқысының арғы тегі саналатын жүйрік жылқы (Тұлпар). Көшпелілер ұшқыр тұлпарларды да қадірленген, оларды қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Жартастарға салынған суреттерде байырғы тайпалардың дүниетанымдық өресін, шаруашылық қарекеттерін (аң аулау, баққан мал тұқымдары), ең бастысы көлік, жегін құралдары (екі доңғалақты арбалары) туралы мәліметтер  сақталған.

Ежелгі сақтар мен ғұндар Хинған тауларынан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, жылқыны мемлекеттілік пен қорғаныстың, өнер мен мәдениеттің, шаруашылық пен спорттың өресі биік деңгейіне жеткізген. Олардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, өзге жұрттың зәресін ұшырған. Соның салдары деп айтуға болатындай мына бір жалпыға мәлім дерек соның дәлеліндей. Небір қанқұйлы жорықтарынан соң Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің аймағында, Мысырда атпен бірге жаратылған адам басты,  жылқы  тұлғалы — кентаврлар туралы аңыз таралғандығы жалпыға мәлім.

Қалай болғанда да, жылқыға салт мінуді төл өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген көшпелілер өз заманының ең қуатты мемлекеттерінің қатарынан ойып тұрып орын алған. Сондықтан болар, олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына,  тіршілікке қажетті байлықтар мен игіліктерге  кенелуіне бірден бір мұрындық болған жылқы түлігін аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. «Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді», — деп жазады тарих ғылымының атасы Геродот, — ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді». Сақтардың  патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққан. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т. б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын «иесіне аты о дүние де серік болады» деген сеніммен жанына бірге жерлеген… Соның айғағы  атымен қоса көмілген  Қазақстан жерінен, Таулы және Өр Алтайдан табылған небір бекзаалар мен асылзадалардың  қорымындағы   жерлеу ескерткіштерінің  биік өресі мен ғажайыптығына бүгндер әлем жұршылығы  тамсана қарайды…

Жылқы  әбзелдерінің ең көне элементінің  бірі осыдан 4-5 мың жыл бұрын  адамзаттың ойлап тапқан — металл ауыздықты  жүген. Қола  дәуірінің  соңғы  кезеңінде, яғни б.э.д. Х ғасырларда өмір сүрген тайпалар металл  ауыздық  пен  сулықты  ойлап  табуы  адамзат  өркениетіндегі   ең ұлы  төңкерістік  сипат  алған  айтулы  жетістік болды. Оның  өз тұсындағы мәні  таяу замандардағы  адам  баласының  отарба, ұшақ,  зымыран ойлап табуымен шендестіріледі. Атты ауыздықтап,  салт  мінуді  скиф-сақ,  ғұн, т.б. көшпелі  тайпалары мейлінше   жетілдіреді. Соған  орай,  мініске  ыңғайлы киім-кешектер — өкшелі және тіремелі  етік, қаусырмалы   шапан (тон), кең шалбар т.б. дүниеге  келді. Өз заманында   ортаазилық көшпелілердің  ойлап тапқан  жаңалығы  адамзат өркениетінің  бірегей  жетістігі ретінде  өзге  отырықшы  халықтарға  жедел  тарап үлгерді.

Атқа салт  мінуге  аса  қажетті деталь —үзеңгінің пайда  болуы  туралы  мәселе бұдан  күрделірек. Америкалық алтайтанушы  Денис  Синордың  пікіріне  құлақ ассақ,  метал  үзеңгі  алғаш  Ішкі  Азия  көшпелілерде  пайда  болған. Алайда,  оған  дейін  көшпелілер ағаштан, теріден,  сүйектен   үзеңгі  жасап  пайдалануы  әбден мүмкін. Олай дейтін себебіміз,  археологиялық  қазбалар  барысында   жоғарыда аталған  материалдардан  жасалған  үзеңгі  кездеспей отыр (D.Sinor. Inner  Asian   Warriors. Altaicology  Studies. Vol I. P.98)

Адамзат тарихындағы  ең  көне  ер тоқымның  бірін    Алтайдағы   Пазырық  және  Берел  қорғандарынан   табылғаны белгілі. Ол  ер-тоқымдар — жақтаусыз,  үзеңгісі  жоқ,   қом  сияқты  болып  келген.  Б.з.д.  Ү-ІІІ  ғғ.-ға  телінетін   бұл  ер-тоқымдарға шендесетін  қарт құрлыққа  саналатын  Еуразия   даласында   ешбір теңдесі  жоқ.

Бізге  жеткен ең  көне  телінетін метал үзеңгі  Корей  түбегінен  табылған. Жасы б.з. ІҮ-Ү ғғ-нан жеткен. Дегенмен,  ғұн, сақ  тайпалары  да осыдан көп кешікпей металдан  үзеңгі жасауды  меңгерген. Солайша, ондай үзеңгілер   түркі  тілді  аварлар арқылы Византиялықтарға   жетіп, онан  әрі   арабтарға дейін  таралғандығы  мәлім.

Еуразия  даласындағы  салт атты көшпелілердің   тарихи-генетикалық тұрғыдан  заңды мұрагеріне  саналатын  қазақтар  мен Қазақстан  аумағы  тек тарихи кезеңдердегі жылқы шаруашылығы, жылқы мәдениетіне қатысты  ескерткіштерге ғана бай емес,  оның  сорабтары (реликтері) мен іздері  дәстүрлі  қазақ мәдениетінде  жақсы  сақталғандығымен  ерекшеленеді. Атап айтсақ,  жылқыға қатысты ғұрып,  әдет,  жора-жосын қазақтардың тіршілік  циклы ғұрыптарында (туу-өсу, өркендеу- үйлену-отбасы ғұрыптары -өлім) мен этностың заттық айырбас, мәдениеттің бірегейленуі және социализациялық ғұрып-жосындарында, идеологиясында, наным-сенімінде  ерекше, жетекші мәнін  жоғалтпастан  ғылыми-техникалық  төңкеріс кезеңіне жетті.

Жылқы әбзелдері мен тұрманына қысқаша тоқталар  болсақ,  олардың бірнеше  түрі  қазақ  жерінде   таралған. Сыртқы  пішіні  мен  жасалу тәсіліне байланысты  шошақ бас ер,  үйрек бас ер, бес ағаштан құрастырылған ер, қан бас ер, Қоқанд ері  және т.б. Бұлардан байтақ қазақ жерінің  көп  аумағында кеңінен таралғаны — «қазақы ер». Ол көбіне қаптал, қас, белағаш, тоқым, тебінгі сияқты бөліктен тұрады.

По конструкции и технике изготовления седла у казахов подразделяются на пять основных типов: восточно-казахстанский, западно-казахстанский или найманский, центрально- и северо-казахстанский, западно-казахстанский, семиреченский и сырьдарьинский.

Из всех типов седел своей отделкой особенно выделяется найманское седло, для которого характерна широкая и высокая передняя лука, сплошь покрытая серебряными накладками в виде стилизованных фигур и растительных узоров со вставками из цветных камней.

Седла Центрального и Северного Казахстана обнаруживают общее конструктивное сходство с седлами найманов, но они легче, имеют более низкую луку, характеризуются умеренной орнаментацией.

У казахов Семиречья и южных областей Казахстана седла имели узкие и высокие передние луки, богато орнаментированные серебром. Они назывались шошак бас-ер. Кроме того существует уйрек бас-ер, седло, имеющее форму утиной головы и шеи и покрытое серебряной оправой.

Каждая деталь конской упряжи является трудом нескольких мастеров: шорника, кузнеца, ювелира. Огромное значение придавалось работе зергера (ювелира), который для украшения конского снаряжения часто использовал серебро. По поверьям кочевников оно обладало магической силой. Так, богато инкрустированное серебром, костью и украшенное вставками из драгоценных камней седло должно оберегать не только наездника, но и лошадь.

Қазақтар ер-тұрманды  берік те, бітеу  ағаштан    аттың  тұрқы мен   бітіміне  сай етіп  дайындап,  беріктігін  арттыру  үшін  көн терімен  қаптап жасайды. Оған   батырғымен ою-бедер  түсірсе (теснение),   темірден  жасалған   детальдарын алтынмен  аптап,  күміспен  қаптаған, зер, жібек  жіптермен   шоқтар  күлтелеп,   кекілі  мен  жалына   түрлі  пәле-жаладан  сақтайтын   тұмарлар (обереги, талисманы)  таққан.  Ер-тоқымда  әр   этностың, тіптен  жергілікті  ерекшелігі, басқа халықтармен этномәдени байланысынан  хабар береді.

Бағзыдағы көшпелілердегі бие сүтінен дайындалатын баға жетпес сусын  қымыз   ықылым  заманнан бері  басқа  жұрттардың  қызығушылығын  тудырып келген. Б.э.д 5 ғасырда Геродот көшпелі  сақтарда бие сүтіен ағаш  күбіге құйып  пісіп, қымыз ашытатындығы, консервілей сақтайтындығы  туралы  жазған. Ал, орта ғасыр  жиһанкездері, дәлірек айтсақ,  француз  Вильгельм Рубрук, итальяндық Марко Поло өздерінің жол жазбаларында қымыздың  шипалық, тіптен  масайрататын  қасиетіне ерекше  тоқталған.

 

Пікірлер