Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшыны жекпе-жекке шақырды

716
Adyrna.kz Telegram
luxfm.kz
luxfm.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 КО) жұдырықтасуға ниет білдірді. Бұл туралы Prosports.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер Бенавидез менімен жекпе-жекке шығуға келісетін болса, менің әрқашан дайын екенімді бәріңіз білесіздер! Бұл керемет жекпе-жек болады! Ол мықты боксшы, рингте екі үздік боксшы кездессе, жанкүйерлер де қуанады! Бокс бұл бизнес емес, бокс бұл спорт!»—деді ол.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Дэвид Бенавидес жартылай ауыр салмақта өнер көрсетеді. Ол кубалық боксшы Дэвид Моррелді (11-1, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің «уақытша» әлем чемпионы белбеуін сәтті қорғап қалды.

Пікірлер