"Жасөспірімге тиісті". Әнші Алмас Кішкенбаевқа ұсақ бұзақылық бойынша айып тағылды

1328
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден алынған
Фото: Әлеуметтік желіден алынған

Әнші Алмас Кішкенбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша айыпталуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 3 ақпанда сот алдында жауап береді.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында әншіге 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалуы мүмкін екенін жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, шамамен 40 жастағы ер адам оған алкогольге тапсырыс беріп, кейін бірге ішуге ұсыныс жасаған. Сонымен қатар, жасөспірім әншінің әдепсіз әрекеттер жасағанын мәлімдеді.

Курьер оқиғаны ата-анасына айтып, құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер