Жәмила Баширова Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон массивін бағындырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осылайша ол әр континенттің ең биік нүктесіне шығатын 7 шың жобасы аясындағы өзінің бесінші шыңына көтерілді. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жазды.
44 жаста Жәмила Баширова Семей облысының ауылында туып-өскен. Сүт өнеркәсібінің маманы болып жұмыс істейді. Ол - әлемнің ең биік шыңдарын бағындыру бойынша жаңа рекорд орнатқан жалғыз қазақстандық қыз. Сондай-ақ Жәмила Эверестті бағындырған екінші қазақ әйел.