Қазақстанның Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Барлық сараптамалар мен барлық бетпе-бет кездесулер жүргізілді, аяқталды. Істе қанша том бар екенін білмеймін. Іс бойынша 11 күдікті бар", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
2025 жылғы 21 қаңтарда зардап шеккен тараптың адвокаттары Шерзат Болаттың өліміне қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полатты өлтірген болатын. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Кейін 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
2024 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та қаза тапты. Оны өз-өзіне қол салған делінді.
Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.