Арыста тағы да жарылыс

1545

Арыс қаласында тағы да оқ дәрілер өздігінен жарылып кеткен.

 Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды, деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"21 қыркүйекте жоспарланған жару жұмыстары кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кетті. Оқыс оқиға салдарынан контракт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 10 арнайы даярланған саперге жарқыншақ тиіп жараланды", - делінген хабарламада.

Әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Оларға қажетті медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр, деп мәлімет берді министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер