Туған жерім, тал бесігім, Шортандым!

137

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік мақала» аталымы бойынша Аманжолова Аружан. 

«Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі»-дей келе Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын. Иә, әрбір адамзат баласы үшін туған жерінің әрбір жусаны мен топырағы, әр қиыршығы да қымбат. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Шортанды кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және балабақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын.
Сіздерге енді өзімнің туған өлкемнің қысқаша шығу тарихын баяндап кетейін: Сонау Қазақ ССР-ның Жоғары Кеңесі Президумының Жарлығымен 1939 жылы 16 қазанда Ақмола облысында Сталин ауданын ірілендіру есебінде Шортанды ауданы құрылды. Аудан тарихына 15 кенттік, селолық және ауылдық Кеңес біріктірілді. Бұл Алтайское, Андреевка, Байкальское, Ворошиловское, Голощекинское, Гуляйполе, Жолымбет, Казцик, Новокавказское, Октябрьское, Петровка, Пригородный жане Шортанды. 1953 жылдың желтоқсанына дейін аудан орталығы Новокубанка селосы болды.
1951 жылы аудан құрамына Новочеркас ауданынан Қара-Адыр станциясы беріледі.1952 жылы Ақмола ауданынан Елизаветград, ал 1954 жылы Новороменка, Камышенка және Ткаченка селолары Калинин ауданынан Шортанды ауданына берілді.
1956 жылдың 30 шілдесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен «Шортанды» және «Заря» кеңшарларына қызмет көрсету үшін Новоселовка ауыл кеңесі құрылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Шортанды ауданы таратылды.
Андреевка, Новокубанка, Петровка, Пригородный, Раевка, Казцик, Новоселовка аумақтары мен Шортанды кент Кеңесі Алексеевка ауданына берілді, Жданов ауыл кеңесі Целиноград ауданына берілді.
1966 жылы 31 желтоқсанда Шортанды ауданы қайта қалпына келтірілді. Аудан аумағы ұйымдастыру кезеңінде 3420 шаршы метрді, 1940 жылдың 1 қаңтары бойынша 24113 адамды құрады.
1951 жылдың қазанынан бастап аудандық газет жарық көрді. Ғасыр тарихында көрсетілгендей аудан тың және тыңайған жерлі болды. 1954-1958 жылдар аралығында 114000 га жуық жаңа жер игерілді. 2 тың «Шортанды» және «Заря» кеңшарлары ұйымдастырылды. Астық дақылдары егін алқабында 2 есеге жуық өсіп, 1958 жылы 169600 га жетті.
Сонымен қатар биыл ауданымыздың 80 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Бұл дегенің жеріміздің осы аралық ішінде көркейіп, жайқалғаның байқауға болады. Оған мысал ретінде «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы», Өнеркәсіп саласында «Қазақалтын-кен металлургиясы», «АҚ-ның бөлімшесі-Жолымбет алтын кеніші», сонымен қатар жиһаз фабрикасы, тігін фабрикасы, май зауыты агроөнеркәсіптік кешені спорт жағы, білім беру мадениет және т.б. қарқынды жұмыс істеуде.
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Ол Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып 1956 жылы құрылған. Кейін А.И.Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ болып өзгерді.
«Денсаулық-зор байлық»-дей келе, ауданымызда денсаулық сақтаудың басымды міндеттерінің бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық арасында дене шынықтыру және спортты белсенді насихаттау болып табылады. Ауданның спорт ұйымдарының жұмысындағы негізгі бағыттары жаппай спортты дамыту және ең жоғары жетістік спорттың дамуы болып табылады.Шортанды кентінде үлкен, кіші демей, бәрі спортпен айналысады. Тіпті, ауданымыздан шыққан спортшылар, тек ауданымызды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанымыздың көк туын халықаралық жарыстарда және «Гиннес рекордтар» кітабына рекордтар орнатқан. Нақтылай түссек, олар Карим Бектас, Алихан Оздоев, Сергей Цырульников, Ермек Агбаев сынды спортшыларымыз.
Шортандының мәдениетіне келер болсақ, 49 мәдениет объекті, одан 30 кітапхана, 1 тілдері оқыту орталығы, 18 клуб мекемесі әрекет етуде. Ауданның кәсіпорындарында қатысушылардың жалпы саны 1765 адамы бар 128 құрама әрекет етуде. Шортанды к.АМҮ жаңа ұжымдар құрылды, 2 би ұжымы, Жолымбет АМҮ-вокал тобы. Барлығы есептік мерзімде 100-ге жуық іс-шара өткізілді, оған 5 мың адам қатысты. Ішкі саясат саласында басымды бағыттарының бірі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Есептік мерзімде этникааралық пен конфессияаралық қатынастарды нығайту бойынша жеткілікті іс-шаралар өткізілген болатын.
«Рухани жаңғыру»бағдарламасының мақаласы-еліміздің сапалы өзгеруіне, патриотизм рухын қалыптастыруға негіз болатын идеологиялық тұғырнама, оның логикалық жалғасуы «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының мақаласы болып табылады, онда Ұлт көшбасшысы қазақстандықтарға тарих призмасы арқылы өздеріне қаратуды, біз кім екенімізді сезінуді, ғаламдық тарихтағы рөлімізді түсінуді ұсынды.
Бағдарламаларды және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру аясында Шортанды ауданында үлкен жұмыс атқарылды. Жалпы қамтылуы 10 мыңнан астам адаммен 200-ге жуық іс-шаралар жүргізілді. Шортанды №3 ОМ базасында «Рухани жаңғыру» мұражайы ашылды, Бектау, Мықтыкөл, Степной орта мектептерінде кабинеттер, Пригородное орта мектебінде-«Рухани жаңғыру» көрме залы, 10 орта және 5 негізгі мектептерде «Край белых берез», «Туған елдің тарихы», «История родного края» өлкетану бағытындағы үйірмелер өз жұмысын жалғастыруда.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру патриоттық тәрбие мен азаматтық белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік және жастардың әлеуетін ашу механизмдерін қалыптастыру бойынша шаралар кешенін шешуге бағытталған. Ауданның жастар ресурстық орталығында жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесі бойынша жұмыстарға, жастардың қатысуымен әртүрлі қоғамдық шаралар ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Біздің ауданның жастар ресурстық орталығының Ақмола облысындағы үздік орталық атанғанын атап өткім келеді. Ауданымыздағы жастар орталығы белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Ең бастысы, ерікті түрде, өз қалауымен жастар саясатының жүзеге асырылуына ықпал жасап келеді. Мәселен, флешмоб, акциялардың саны азайып, әртүрлі бағыттар бойынша жастар форумдары, жастарға арналған инновациялық жобалар байқаулары ұйымдастырылуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жастар көзқарасында кең көлемде насихаттау, жарқын болашағымыздың тұтқасын ұстайтын жастардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын оң бағытта қалыптастыру жұмыстары жасалуда.
Қазіргі жастар-ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері. Сондықтан олар жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол азамат болып өсуге тиіс. Жастары белсенді елдің ертеңі де жарқын болады. Олар қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етуде.
Шортанды жастары жарқын істердің бел ортасында жүр. Ауданымыздың өркендеуі біздің батыл істерімізге байланысты. Сонымен қатар ауданымыздан шыққан белгілі қоғам қайраткерлері:Глинин Федор Филипович, Кайдалов Константин Потапович, Шишлянников Виктор Иванович, Бараев Александр Иванович ,Дюсембаев Кадыралы, Кан Де Хан, Клешня Марк Акамович, Кузьмин Валентин Петрович, Гаврилюк Станислав Иванович, Мукушев Шакен Шайкенович, Шаповалова Екатерина Николаевна, Иосиф Кириллович, Аманкелды Хамзинович Сыздыков, Мехлис Касымович Сулейменов, Илья Васильевич Назаренко, Галина Дмитриевна Астафьева, Нурмухан Рахметжанович Шоханов, Головач Петр Ануфриевич, Владимир Карлович Гартман, Анатолий Максимович Ефименко, Саят Есенжолович Камзебаев, Владимир Фридрихович Абермит, Нина Борисовна Мальюга және тағы басқалары. Соның ішінде ерекше орын алатын мемлекеттік қайраткер Сергей Александрович Дьяченко. Ол 18 қыркүйекте 1952 жылы Ақмола облысы, Шортанды кентінде дүниеге келген. Сергей Дьяченко Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қайраткері, саяси ғылымдардың кандидаты(1998), докторы (2003). Оның ғылыми еңбектеріне және марапаттарына тоқталатын болсақ:
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы демократиялық жаңғыру мәселелері (саяси сараптама)». Саясаттану профессоры (2008). ҚР Саяси ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті (1998 жылдан). «Қазақстандағы партогенез: жағдайы, мәселөсі, болашағы» (1997)
«Қазіргі Қазақстандағы саяси транзит» (2001) монографияларының;
«Диалог со временем» (2004)
«В формате грядущего дня» (2006)
«Искусство возможного» (2008) кітаптарының;
сонымен қатар 300-ден ғылыми жарияланымдардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы.
«Құрмет белгісі» (1981)
«Парасат» (2004)
ТМД мемлекеттері-қатысушылар ассамблеясы Парламентаралық кеңесінің «Достастық» ордені
I дәрежелі «Достық» (2009) ордендерімен;
«Ерен еңбегі үшін» (1977)
5 мерейтой медальдарымен;
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Өзімнің туған жерімнен ыстық бұл әлемде жер жоқ деймін. Әркімнің өз жері- Мысыр шаһарындай.
«Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да ,Туып-өскен ел қымбат»-дей келе әр азамат үшін туып өскен жері бәрінен де бағалы болып келеді. Мен үшін де бұл жердің орны бөлек. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Ойымды Мағжан Жұмабаевтың туған жеріне арңалған өлеңімен аяқтағым келеді.
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы - Алла добы» деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас

Пікірлер