ҚМДБ тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты пәтуа шығарды

2452
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img_1502-960x500.jpeg?token=f5a27c57c17fd0c50a922c821eb7a96b

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Ал тегін өзгерту мәселесін ҚМДБ рұқсат етілген (жаиз), бірақ міндетті емес деп түсіндірді.

«Тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес»,—делінген хабарламада.

Комментарии