Тоқаев Лукашенконы құттықтады

2917
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_5187.jpeg

Бүгін, 27 қаңтарда Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Беларусьте өткен президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялаған еді. Оған сәйкес қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіске жетті.

Комментарии