Туған жер

133

 

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Қуанышбаева Әйгерім Нұрғазықызы.

 

Байланыс телефоны: 87071771374
Электрондық поштасы: aikerim.sdu@gmail.com

 

 

Туған жерім-ай!
Төскейіңдегі тасыңда әрбір тағылым.
Көретін менің жарығым.
Түп-түзу барып жүрегіме жол бастайтын
Сен менің күретамырым!

Туған жерім-ай!
Өлең қып өрген адалдық күйін, ар күйін,
Тыңдаған алғаш әлдиім.
Сен жақтан шығар шапағат нұрмен оянып,
Жұлдызың санап қалғиын.

Туған жерім-ай!
Киелі жіппен кесілген алғаш тұсауым.
Кеудемдегі ұлы күш-ағын.
Сағынған сәтте мұң құшып, сүйіп алар ем,
Кең болса сендей құшағым.

Туған жерім-ай!
Өлшемін өмір таба бермейтін сұлуым,
Өрілген алғаш бұрымым.
Самғасам көкке талмайтын қанат бітірген
Өзіңде жатыр тұғырым.

Туған жерім-ай!
Сусап бір барып сусыным қанған тұнығым,
Желіде қалған құлыным.
Аулақта жүрсем, аңсатып әлі тұрады
Топырақ деген бір ұғым.

Туған жерім-ай!
Сабылысы мен жалынысың сен жылдардың,
Сыңғыры сенде сырғамның.
Қияңдағы үрпек балапандарың үшін мен
Бар биігіммен құрбанмын.

Туған жерім-ай!
Қойнауы құт пен тұяғы тұлпар киелім,
Басымды саған иемін!
Бастауым болған бақытым менің өзіңді
Өзімнен артық сүйемін!

Пікірлер